Алматыда бір топ адамды қағып кеткен автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік жжеліде №47 автобустың жүргізушісіне шабуыл жасалған сәт түсірілген видео жарияланды. Соққыдан жүргізуші әйел есін жоғалтып, автобус бір топ адамды қағып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бейнежазбаны kris_p_almaty Telegram арнасы жария етті. Кадрларда жүргізуші әйел мен жолаушы ер адамның бірнәрсе айтып жатқаны, содан кейін жолаушы зардап шегушіге бірнеше жұдырық жұмсағаны көрінеді. Соққыдан әйел есін жоғалтқан.
Осы сәтте оларға екі жолаушы келіп, шабуыл жасаушыны тоқтатып, біреуі жүргізуші ес-түссіх жатқан кезде автобусты тоқтатқан.
Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.
Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.
Сонымен қатар жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланған. Ол қамауға алынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052304-almatyda-bir-top-adamdy-qagyp-ketken-avtobus-zurgizusisine-zasalgan-sabuyldyn-videosy-zariyalandy/