Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлкіне қатысты өзгерістер туралы хабарлама келе бастайды

Жарияланған күні:

Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет
Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет. Фото: Jonathan Raa/NurPhoto via Getty Images

Енді жылжымайтын мүлкіне қатысты өзгеріс болған қазақстандықтарға хабарлама келеді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметі хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы азаматтарды хабардар ету үшін цифрлық сервисті әзірледі.

"Енді қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлікке салынған ауыртпалықтар, шектеулер, заңды талаптар туралы, сондай-ақ электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі қате мәліметтерді түзету туралы хабарламалар алатын болады. Айтпақшы, енгізілген өзгерістер туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде сақталады", - делінген хабарламада.

Азаматтар өзінің жылжымайтын мүліктеріне қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда жасалған барлық әрекетті көріп отыра алады. Хабарламалар eGov.kz сайтынан хабарлар мен PUSH хабарландыруларымен бірге жүретіні айтылады. Бұл жаңашылдық "Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры" ақпараттық жүйесін енгізу барысында жүзеге асырылатын процестерді автоматтандыру аясында әзірленген.

Хабарламаларды жіберу сервисін енгізу азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін, қабылданатын барлық әрекеттерді бақылауды және ақпаратқа жылдам қол жеткізудің қолжетімділігін қамтамасыз етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053215-qazaqstandyqtarga-zylzymaityn-mulkine-qatysty-ozgerister-turaly-xabarlama-kele-bastaidy/