Алматы тауларындағы заңсыз салынған үйлерді бұзу ісі неге кешеуілдеп тұр
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы қаласы әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңсыз салынған ғимараттарды бұзу жұмыстары жөнінде айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Департамент басшысы "Алматының таулы аймағындағы заңсыз ғимараттарды бұзу ісі неліктен кешіктіріліп жатыр?" деген сұраққа жауап берді.
"Қолданыстағы заңнамада екі тараптың да құқығын қамтамасыз ету қарастырылған. Сондықтан "Сот шешімі неге орындалмай жатыр?" деген сұрақ туындағанда, мұнда да тараптар бар. Екі тараптың да өз құқығын білдіріп, қорғауға мүмкіндігі бар.
Сондықтан сот орындаушыларының атқару бойынша әрекеттеріне шағым жасалғанда, әрине, орындау кешіктіріледі. Өткен жылы бұзу бойынша 33 атқарушылық өндіріс жүргізілді", - деді Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева.
Жалпы өткен жылы сот орындаушылары бұзу бойынша 61 атқару өндірісін жүргізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058030-almaty-taularyndagy-zansyz-salyngan-uilerdi-buzu-isi-nege-kesiktirilip-zatyr/