Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге оның тәжірибесі керек": денсаулық сақтау министі экс-министр Ажар Ғиният туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: t.me/mazhilis_kz

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласында қалатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазір құнды кадрларды жан-жаққа шаша алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесіндегі әкімшілік жұмыста зор тәжірибесі бар, оның тәжірибесін міндетті түрде қолданамыз. Менің ойымша, жақын арада Ажар Ғиниятқызының жұмыстың нақты қай саласына келетінін білетін боласыздар. Нақты қандай қызмет екені әлі белгісіз, бірақ бұл міндетті түрде денсаулық сақтау жүйесі болады, бізге оның тәжірибесі қажет", - деді Әлназарова.

Ол бүгінде экс-министрмен күнде хабарласып тұратынын айтты – қазір Ажар Ғиният демалыста.

Айта кетейік, Ғиният 2022 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың сәуір айында ол осы қызметке қайта тағайындалды.

Әлихан Смайылов үкіметі отставкаға кеткеннен кейін Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Бұған қоса Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиниятпен кездескенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060975-bizge-onyn-taziribesi-kerek-densaulyq-saqtau-ministi-eks-ministr-azar-giniyat-turaly-pikir-bildirdi/