Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепте намаз оқылғаны түсірілген видеоға қатысты оқу-ағарту министрі түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жайнамаз
Жайнамаз. Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы мектептердің бірінде намаз оқылғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Ғани Бейсембаевтан қай мектепте намаз оқылғанын біле алдыңыз ба деп сұрады. Бұл туралы видео TikTok желісінде таралып жатқаны айтылды.

"Қазір біз бұл прецедентті зерттеп жатырмыз. Қай мектепте, қай облыста екені әлі белгісіз. Мән-жайды анықтау үшін белгілі бір шаралар қабылданады. Нақты қай жерде болғаны анықталғанын күтейік.

Әзірге білім басқармасы мәліметінше, онда 90-шы мектепте деп (видеода – ред.ескертпесі) айтылған. Бірақ видеода көрсетілген орын сол мектептің ішімен сәйкес келмейді", - деп жауап берді министр.

Министр барлық мән-жайдың анықталғанын күту қажеттігін айтты.

"Алдымен бұл мектепте болды ма, жоқ па, соны анықтап алайық", - деді Ғани Бейсембаев.

Журналистер халық арасында діндарлықтың артқанын ескере отырып, мектептерде намазхана ашу жоспары бар ма деген сауал қойды.

"Мектеп – балаларымызға білім беретін жер. Мектеп сапалы білім мен тәрбие беруге арналған, сондықтан бұл мүмкін емес", - деп түйіндеді сөзін министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061954-mektepte-namaz-oqylgany-tusirilgen-videoga-qatysty-oqu-agartu-ministri-tusinik-berdi/