Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диван қойып, перделер ілген: елордадағы ерекше аялдама жұртты таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астанадағы аялдама
Астанадағы аялдама. Көрнекі фото: astana.gov.kz

Астанада еріктілер аялдаманы пәтерге ұқсатып жабдықтаған. KAZ.NUR.KZ редакциясының сұрағына жауап берген Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мұның мақсатын айтып берді.

"Азат" сауда үйінің аялдамасында "Менің аялдамам – менің үйім" әлеуметтік эксперимент аясында іс-шара өтті. Осылайша еріктілер жергілікті тұрғындарды қаладағы заттарға өз мүлкі сияқты ұқыпты қарауға үндеген.

"Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар тұрғындар өз үйіндегідей сезініп, ештеңені бүлдірмеу үшін аялдаманы пәтер сияқты жабдықтауды ұйғарды", - деп хабарлады Сарыарқа ауданының баспасөз қызметі өкілдері.

"Сарыарқа" ауданында барлығы 64 аялдама кешені бар, оның ішінде 11 аялдама демеушілер есебінен. Дегенмен жергілікті әкімдіктегілердің сөзінше, арасында аялдама мүлкін қиратып, сындырып кететін бар.

"Қираған заттың көлеміне қарай біз оны кейде бір күнде, кейде үш-төрт күнде жөндейміз. Полиция қызметкерлері мен бейнебақылау камералары бұл мәселені шешуге көмектеседі", - деді әкімдіктегілер.

Айтпақшы, эксперимент видеосына жазылған пікірлерде көптеген ерікті аялдамадағы қызды аяп, бұл идеяны түсінбей қалған. Желі қолданушылары Астана тұрғынын баспанасыз деп ойлап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063249-divan-qoiyp-perdeler-ilgen-elordadagy-erekse-ayaldama-zurtty-tangaldyrdy-video/