"Сотта кездесуге дайынмын": Досаев алматылық құрылысшыларға ескерту жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында құрылыс салушылар мен құрылыс компанияларына ескерту жасады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қала тұрғындарының бірі әкімге компаниясының бір нысаны бойынша Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ұйғарым шығарып, ақауды қалпына келтіруге тым аз уақыт бергенін айтты.
Досаев өтініш берушінің компаниясы азқабатты тұрғын үй кешенін рұқсат қағаздарынсыз салып жатқанын атап өтті. Бұл ретте қала тұрғыны үлескер ретінде достары мен серіктестері тартылғанын айтты.
"Барлық құрылыс салушы мен құрылыс компанияларына айтарым, заң аясында жұмыс істейтіндердің барлығында қажетті рұқсаттар бар, қала әкімі ретінде мен жобаларды аяқтауға және іске асыруға қолдау көрсетіп, көмектесетінімді айтып қояйын", - деді әкім.
Ол заң бойынша құрылыс салушыларды қолдайтынын айтты.
"Заң аясынан тыс жайттарға қатысты әңгіме басқаша болады. Әлдекім сотқа жүгінгісі келе ме, сонда кездесуге дайынмын. Қала құрылысын бақылау департаменті қабылдап жатқан барлық қажет шара мен қабылданған шаралар орындалуға тиіс. Егер олай болмаса, қиындық тудырып отырған үлескерлер, достарыңнан кешірім сұрап, "ұятқа қалдырдым" деңдер", - деді Досаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063740-sotta-kezdesuge-daiynmyn-dosaev-almatylyq-qurylyssylarga-eskertu-zasady/