Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда -20 градусқа дейін суытады деп болжанды

Жарияланған күні:

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 12-14 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктер:

  • 12 наурызда Павлодар және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр мен қар жауады;
  • 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын болады деп болжады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде -10...-20°C аязға дейін, күндіз -2...-10 °C аязға дейін төмендейді деп болжанды, ал оңтүстікте термометр бағандары түнде -2...-12°C-қа дейін төмендейді, ал күндіз -6°C...+2°C аралығында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066157-aldagy-kunderi-eldin-qai-onirlerinde-20-gradus-ayaz-bolatyny-aityldy/