Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура кей өңірлердегі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Су сорғыту жұмыстары
Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

Бүгін, 27 наурызда Бас прокуратурада су тасқыны бойынша барлық мүдделі органдардың қатысуымен (ТЖМ, ІІМ, Экология министрлігі мен Қазгидромет) ведомствоаралық жедел кеңес өтті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Кеңесте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі өзекті болып тұрған қазіргі жағдайды баяндаған.

"Ең қиын жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарында байқалады. Республикалық штаб және облыстық 12 штаб құрылды.

Сенім телефоны жұмыс істеп жатыр және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарда су сорғыту және қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіләп жатыр", - деді ол.

Оның мәліметінше, барлығы 94 адам эвакуацияланған. Барлығы 2,5 мың қызметкер мен 693 техника, суды сорып алатын 288 қондырғы жұмылдырылған.

"Қабылданған шараларға қарамастан, аталған аймақтарда тұрғын үйлерді, аула аумақтарын және жертөлелерді су басуда. Жолды су шайып кетудің 7 жағдайы тіркелді.

Құбылмалы ауа райына байланысты (нөсерлі жаңбыр, ауа температурасының жоғарылауы) алдағы күндері су басу қаупі сақталады", - дейді ТЖМ өкілі.

Сондықтан кеңесте гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, елді мекендерді, жолдар мен көпірлерді инженерлік қорғау, тұрғындарды уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз ету, эвакуациялау пункттерінің дайындығы, алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де талқыланған.

Сондай-ақ кеңесте халықты ескерту жүйелерінің (сиреналар, жергілікті ескерту жүйелері және тағы басқа) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылатыны айтылған.

Өз кезегінде полиция органдары тасқынды жою жұмыстары кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокурорлары мен уәкілетті мемлекеттік органдарға бірлесіп тұрғындардан түсетін сигналдарға барынша ден қою және су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін жедел шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074338-bas-prokuratura-kei-onirlerdegi-su-tasqynyna-bailanysty-malimdeme-zasady/