Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрі су басқан өңірлер жайлы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Еліміздің бірнеше өңірін тасқын су басты. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов су басқан өңірлер жайлы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің видеосы төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Құрметті, еліміздің тұрғындары! Кеше Республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты барлық министрліктің бөлімшелері күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі жұмыс істейді.

Қазір су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық шаралары қабылдануда", – деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов.

Еске сала кетейік, еліміздің бірнеше өңірін су басты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074392-totense-zagdailar-ministrli-su-basqan-onirler-zaily-aitty-video/