Бектенов су басқан Құлсары тұрғындарымен кездесті
Жарияланған күні:
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысындағы жағдаймен танысып, су басқан Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысқан.
"Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. 28 551 адам эвакуацияланды", - делінген хабарда.
Өңірде келетін су азайту көлемін азайту үшін Жем өзенінің сағасы үш жағынан қазылды, сондай-ақ Жем өзенінің бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылған.
Бұл өзен арнасының бағытын өзгертуге және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, оның Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін ұлғайтуға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080307-bektenov-su-basqan-qulsary-turgyndarymen-kezdesti/