Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары эвакуациялана бастады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе облысында өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды. Адамдарды Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен адамдарды алып шығуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ырғыз ауданы Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр елді мекенін су басу қаупі бар екені хабарланды.
"Қазіргі уақытта тұрғындарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңірлердегі су тасқыны жағдайы нақты көрсетілген болатын. Мәселен, картаға сәйкес бүгінде екі облыста – Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында төтенше жағдай режимі күшінде.
Бүгін Республикалық штаб отырысында сөз сөйлеген премьер-министр Олжас Бектенов Орал мен Атырауда күштер мен ресурстарды барынша жұмылдыру қажеттігін мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда су тасқыны кезеңі басталғалы бері 96 472 адам құтқарылды, оның 31 640-ы бала. Уақытша орналастыру орталықтарында 7605 адам болса, оның 3474-і бала.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083367-aqtobe-oblysynda-auyl-turgyndary-evakuaciyalana-bastady/