Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүздеген үй толықтай қираған": Қазақстандағы су тасқыны туралы қазір не белгілі

Жарияланған күні:

Су тасқыны
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өкілдері қазіргі уақытта қай өңірлерде су тасқыны қаупі сақталып отырғанын айтып, есеп берді. Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды", - делінген министрлік ақпаратында.

8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалып отыр.

Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 121 адам, 4 610 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

"Су басу қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауылдарынан, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарынан, Петропавл қаласының Подгора, Кожевенный шағын аудандарынан, Заречный кентінен, Ақмола облысы Жарқайың ауданының Львовское ауылынан, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал ауылдарынан,  Қостанай облысы Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан 2 475 тұрғын алдын ала эвакуацияланды эәне жөнелтілді", - делінген хабарда.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087243-zuzdegen-ui-tolyqtai-qiragan-qazaqstandagy-su-tasqyny-turaly-qazir-ne-belgili/