Қазақстанда су тасқынынан қанша адам қаза тапты
Жарияланған күні:
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ-та шыққан тасқыннан 7 адам қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шыңғыс Әлекешев үйлер мен нысандарды су басу салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелмегенін хабарлады.
"Жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелді. Атырау облысында төрт жағдай және Ақтөбе облысында бір факт. Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ", - деп қосты ол.
ІІМ ресми өкілінің айтуынша, Түркістан облысында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ.
"Бұл жерде Ақтөбе облысында бала тайып, таяз суға құлаған жағдай айтылды. Барлық жағдайда өлім қауіпсіздік шараларының талаптарын бұзуға байланысты болды", - деді спикер.
Ол сондай-ақ адам өлімінің себебін айтты.
"Біреу өз бетімен өзеннен өткісі келді, біреу эвакуациядан кейін су тасқыны аймағына оралғысы келді. Барлық факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді Шыңғыс Әлекешев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087267-qazaqstanda-su-tasqynynan-qansa-adam-qaza-tapty/