Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 пайызға толы": министрлік өкілдері елдегі су қоймаларында қазіргі жағдай қандай екенін айтты

Жарияланған күні:

Су қоймасы
Су қоймасы. Көрнекі фото: pexels.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су қоймаларында қазіргі жағдай қандай екенін баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100 пайызға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100 пайызға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 348 сантиметр.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1284 см, бір тәулікте 28 см төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97 пайыз. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 81 пайыз.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67 пайызға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 85 пайыз. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 899 см.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98 пайызға толы. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92 пайыз. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088272-100-paiyzga-toly-ministrlik-okilderi-eldegi-su-qoimalarynda-qazirgi-zagdai-qandai-ekenin-aitty/