Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралды су тасқынан қорғау үшін еліміздің төрт өңірінен 500 әскери қызметші мен құтқарушы БҚО-ға жіберілді (видео)

Жарияланған күні:

Қолдан жасалған бөгет
Жағалаудағы қолдан жасалған бөгет. Фото: primeminister.kz

Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы үкіметтің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

21 сәуір таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метр болды. Өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жеткен.

Үкіметтің сайтында жарияланған ресми ақпаратқа сүйенсек, Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр – қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Бөгет салу жұмысы
Бөгет. Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам барып, жұмысқа кірісіп кетті.

Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.

БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырым болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088770-zaiyqtagy-su-qauipti-dengeiden-asty-oraldy-tasqynnan-qorgau-usin-qandai-zumys-atqarylyp-zatyr/