Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңғалып отырмыз": TikTok өкілдері желі Қазақстанда бұғатталуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
TikTok
TikTok. Көрнекі фото: Jakub Porzycki / NurPhoto / Getty Images

TikTok өкілдері мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Қазақстанда аталған әлеуметтік желі бұғатталуы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

TikTok өкілінің мәлімдемесін әлеуметтік желінің баспасөз қызметі таратқан.

"Біз Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі елде TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалдық, себебі министрлік Қазақстандағы "Наурыз" онлайн-фестивалі мен шағын шығармашылық видеофильмдер бойынша сайыстар сынды көптеген бастамамызды белсенді түрде қолдаған болатын.

Мәселен өткен жұмада Алматыдағы іс-шарамызда министрліктің өкілі сөз сөйлеп, TikTok-ты мәдениетті және өзге де пайдалы контентті ілгерілетуге көмектесетін платформа ретінде жоғары бағалаған еді", - деді TikTok өкілдері.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, TikTok-тың Қазақстанда жас қолданушылардың қауіпсіздігіне әсері жайлы мәселесі де қозғалған.

"Қауіпсіздік мәселесі, әсіресе жас пайдаланушылардың қауіпсіздігі TikTok үшін бірінші орында. Сондай-ақ біз бұған көп күш саламыз, соның ішінде қауымдастық ережелерін бұзатын контентті проактивті түрде әрі тез арада өшіріп отырамыз", - деді TikTok өкілі.

2023 жылы компания ережелерді бұзғаны үшін Қазақстанда 4 млн-нан астам видеоконтентті жойғаны мәлімделді. Дереккөз ақпаратына сүйенсек, әлеуметтік желі еліміздің мүдделі органдарымен, соның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен тікелей жұмыс істейді.

"Кейінгі айларда бізге кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында контентті өшіру туралы өтініштер келіп түспегенін айтқым келеді. Бұл ретте ұзақ жылдар бойы ведомствомен ынтымақтасып жұмыс істегеннен кейін министрдің мәлімдемесі ойға қонымсыз көрінеді.

Күллі ел бойынша миллиондаған адам шығармашылығын бөлісіп, тәжірибе алмасып, табыс табу үшін күн сайын TikTok желісін пайдаланады және біз пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, жергілікті қауымдастық платформамызды пайдалануды жалғастырады деген үміттеміз", - деп жазды TikTok өкілі мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090360-tanggalyp-otyrmyz-tiktok-okilderi-zheli-qazaqstanda-bugattaluy-mumkin-degen-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/