Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында пәтердегі өрттен денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

жансақтау
Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысы Индер ауданында өртенген пәтерде денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы әлі де ауыр. Күйік шалған екінші адам – әйелдің азаматтық некедегі күйеуінің жағдайы орташа ауырлықта. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар өрт кезінде зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы туралы айтты.

"1995 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр, денесін 90-95 пайыз күйік шалған. Атыраудан облыстық аурухана дәрігерлері мен санавиация жіберілді. Алайда жағдайының аса ауыр болуына байланысты науқасты орнынан қозғамады. Қазіргі кезде реанимацияда жатыр. Атыраудан барған травматолог, реаниматолог мамандар өз бақылауына алды", - деп жауап берді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Ведомствоның берген мәліметіне сүйенсек, күйік шалған екінші адамның жағдайы орташа ауырлықта. Әйелдің азаматтық некедегі жолдасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданы Индербор кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бір отбасының пәтері толықтай өртеніп, екі баланың өмірі қиылды. Үйдегі ересек адамдар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Кейін өрттің арнайы ұйымдастырылғаны анықталды. Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Сонымен қатар жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленуші әйелдің танысы бейнекамераларға түсіп қалған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091674-atyrau-oblysynda-paterdegi-ortten-denesining-90-95-paiyzyn-kuiik-shalgan-aielding-zhagdaiy-belgili-boldy/