Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мегополистегі жастардың далада қалу қаупі жоғары": депутат жаңа ипотека енгізуді ұсынды

Жарияланған күні:

Ақша және баспана
Ақша және баспана. Көрнекі сурет: Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарға арналаған жаңа баспана бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаев Қазақстан жастары елдегі инфляцияның кесірінен баспанаға қаржы жинай алмай отырғанын баса айтты.

"2019 жылдан бері инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсті. Осыдан 5 жыл бұрын республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мыңға жуықтады. Яғни, 2 есе өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып, күнкөріс мәселесі алдыңғы орынға шықты", - дейді депутат.

Ол елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін алға тартты.

"Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей, қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келуде", - деді депутат Мұқаев.

Депутаттың сөзінше, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған.

"Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар басқа бағдарламаға қатыса алмаса, қалай баспаналы болмақ?

Жоғарыды аталған факторларды ескере отырып, жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10 пайыздық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Пайыздық мөлшерлемесі де 5 пайыздан аспауға тиіс немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек", - деген ұсыныс айтты депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101043-megopolistegi-zhastardyng-dalada-qalu-qaupi-zhogary-deputat-zhanga-ipoteka-engizudi-usyndy/