Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 млрд теңгені заңсыз иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды (видео)

Опубликовано:

Күдіктіні шетелден экстрадициялау сәті
Грузиядан экстрадицияланған күдікті. Фидеодан кадр: t.me/GenPr

Грузиядан Қазақстанға қаржы пирамидасын құрған және басқарған деп айып тағылған күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.

"Ол құрған қылмыстық топ 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды", - делінген хабарламада.

Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, 2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102135-3-mlrd-tenggeni-zangsyz-iemdengen-kudikti-gruziiadan-qazaqstanga-ekstraditsiialandy-video/