jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жайықтағы су деңгейі тағы да көтерілді: жедел штаб Атырау облысындағы жағдайды баяндады

    Су тасқыны
    Су тасқыны. Фото: Атырау облысының ТЖ жедел штабы

    Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр. Үш елді мекенде су деңгейі қауіпті межеден асты. Бұл туралы Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, Жайықтағы су деңгейі 18 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым көтерілген:

    • Индербор ауылында - 6 см, су деңгейі - 1021 см, шекті деңгейі - 845 см;
    • Махамбет ауылында + 3 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі - 850 см;
    • Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі - 550 см;
    • Жаңаталап ауылында + 2 см, су деңгейі - 412 см, шекті деңгейі - 500 см;
    • Еркінқала ауылында + 2 см су деңгейі - 370 см, шекті деңгейі - 450 см.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның батысында су алу қаупіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.