jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырау облысында егіс алқаптарын су басты

    Егіс алқабы
    Егіс алқабы. Фото: 24.kz

    Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Атыру облысы Индер, Махамбет және Жылыой аудандарында 50-ге тарта шаруашылықтың биыл еккен егіні су астында қалды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

    Биылғы тасқыннан Атырау шаруалары зардап шеккен. Атап айтқанда, Махамбет ауданында 35 гектар алма бағы аралда қалса, тағы бір шаруашылықтың 12 гектар егіс алқабын су шайып кетті.

    Сондай-ақ қала іргесіндегі жеке шаруалар мен саяжай иелерінің өнімсіз қалатын түрі бар. Биыл Атырау облысы бойынша 350 шаруашылық 10 мың 800 гектар алқапқа тұқым сепкен болатын. Олардың басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан.

    "Жылыой ауданында 7 қожалықтың егіс алқабын су басты. Судың деңгейі, қарқыны әлі тоқтаған жоқ. Қазіргі уақытта суға кеткен аймақтар әлі анықталған да жоқ. Суға кеткен шаруа қожалықтырына келген залал шығындарды өтеу мақсатында АШМ ережесі шыққан, ол 17 мамырда бекітілді.

    Соған сәйкес тиісті құжаттар жинақталып, арнайы комиссия құрылады", - деді облыстық АШБ, егін шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Азат Қапанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.