jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Үйдің үстіне үлкен емен құлады: Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді

    Құлаған емен
    Құлаған емен. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы әкімдігінің Экология басқармасы өкілдері үйдің үстіне құлаған кәрі еменге қатысты пікір білдірді. Медеу ауданында жеке тұрғын үйдің шатырына алып ағаш құлаған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы мәліметінше, Алматы қаласының жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау қағидалары жеке тұрғын үйлердің аумақтары мен саяжайларда өсетін жасыл желектерге қолданылмайды.

    "Осыған байланысты жеке аумақта орналасқан апатты ағаштарды кесу, алып тастау жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Алайда оқиғаның мән-жайын ескере отырып, Медеу ауданының әкімдігі тұрғындарға көмек көрсетеді. Құлаған ағашты алып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

    Басқарма өкілдері 2022 жылы апат жағдайындағы 84 мың дана ағашты кезең-кезеңімен кесіп, жас көшеттерге ауыстыру үшін арнайы бағдарлама қабылданғанын атап өтті. Бағдарлама 2022-2026 жылдарға арналған.

    Былтыр апат жағдайындағы 17 мың ағаш кесіліп, орнын толтыру үшін 173 мың түп ағаш пен бұта егілген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.