Павлодардағы мектепте оқушы пышақпен шабуыл жасады: жасөспірім үйқамаққа алынды
Жарияланған күні:
Павлодарда мектепте мұғалім мен оқушыға пышақпен шабуыл жасалғаннан кейін адам өлтіруге оқталу бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы ресми сауалға облыс прокуратурасы жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасы сауалға жауап ретінде облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі 1, 14-тармақтары (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ведомство өкілдері.
Жақында Павлодардағы мектептердің бірінде оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алған болатын.
Павлодар және Жамбыл облыстарында болған оқиғалардан кейін Оқу-ағарту министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті. Оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104521-pavlodardagy-mektepte-oqushy-pyshaqpen-shabuyl-zhasady-zhasospirim-uiqamaqqa-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.