jitsu gif
Шоубиз

    Подкастта әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогер жауапқа тартылды

    Подкаст жазып отырған адамдар
    Подкаст жазып отырған адамдар. Көрнекі фото: freepik.com

    YouTube видеохостингінде әдепсіз сөздер айтып, видеоподкаст жариялаған блогер жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

    "Сот YouTube видеохостингінде К.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғаны анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған.

    Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады", - делінген.

    Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.