Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

747 млн теңге: "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында заңбұзушылықтар анықталды

Жарияланған күні:

"Каспий" ӘКК
"Каспий" ӘКК. Фото: t.me/auditpalatasy

Мемлекеттік аудит "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында 747 млн теңгеден астам сомадағы қаржылай заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл тураы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізіп, "Каспий" ӘКК" АҚ қызметінде бірқатар бұзушылықты анықтады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.

Нәтижесінде 747 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 730 млн теңгеден астамы қалпына келтірілуге жатады, ал 17 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылуы тиіс.

Сонымен қатар 1,7 млрд теңгеден астам қаражат тиімсіз пайдаланылғаны және 13 рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Осы кезеңге жоғалған пайда 2,3 млрд теңгеден асты.

Атап айтқанда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру механизмдерін іске асыруға бөлінген қаражат есебінен кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру арқылы 500 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз пайдаланған. Бұл ретте өңірде бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс толық көлемде жүргізілмегені анықталды. Атап айтқанда, сиыр еті, тауық еті және сары май мүлдем сатып алынбаған.

2022-2023 жылдары әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияда 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның 8-і жүзеге асырылмаған. Қорытынды бойынша 154 млн теңгеден асатын қаржы мен активтер тиімсіз жұмсалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104641-747-million-tengge-kaspii-aleumettik-kasipkerlik-korporatsiiasynda-zangbuzushylyqtar-anyqtaldy/