jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Вице-министр құлдыққа қандай адамдар жиі түсетінін айтты

МаратҚожаев фото
Марат Қожаев. Фото: NUR.KZ / Бақытжан Отарбаева

Былтыр Қазақстанда адам сату қылмыстары категориясы бойынша 93 қылмыс тіркелді. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың айтуынша, құлдыққа материалдық жағдайы нашар, туыстарымен қарым-қатынасы ушығып кеткендер түседі.

"Былтыр адам саудасы бойынша 93 қылмыстық іс тіркелді. Оның 67-сі жыныстық қанау притондарын ұйымдастыру бойынша. 7 адам сату фактісі анықталған. Мұндай жағдайға ұшырайтын адамдардың негізінен материалдық жағдайы нашар болады. Туыстарымен қарым-қатынасы нашар, әлеуметтік жағдайы ушығып тұрғандар мен біздің елімізде заңсыз жүрген мигранттар. Әсіресе, қыздарды шетел азаматына сатып жіберу бойынша жауапкершілікке тарттық", - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ жезекшөлікпен болатын қылмыстар көбіне мегаполистерде жиі тіркелетінін айтты.

"Қай өңірде адам саудасы көбірек екенін айту қиын. Жаңа айтқанымдай, адам саудасының ішінде жиі кездесетіні жыныстық саудаға салу, ал бұл мегаполистерде көп", - деді Қожаев.

Сондай-ақ ол жаңа қабылданған заң жобасында мұндай қылмыстарға қатысты қылмыстық жауапкершілік өзгермейтінін айтты. Оның сөзінше, адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік қатаң.

"Мұндай қылмыс жасағандарға жаза онсыз да қатал. 18 жасқа толмағандар зардап шеккен адам саудасына қатысты істе 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар", - деді вице-министр.

Вице-министр құлдыққа қандай адамдар жиі түсетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.