73 жастағы батысқазақстандық елу жылдай отасқан әйелін аяқ киімнің бауымен қылғындырып өлтірген
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны 48 жыл бірге тұрған әйелін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 73 жастағы М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, нәтижесінде аталған тұлға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша көзделген құқық бұзушылықты жасады деп айыпталып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Істің мән-жайына сәйкес М. өзінің 48 жыл отасқан зайыбын өздері тұрып жатырқан пәтерінде соққыға жығып, аяқ киімнің бауымен қылғындырып, кейін қолымен мойнынан буындырып өлтірген.
Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, жасаған қылмысын мойындайтынын айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105112-73-zhastagy-batysqazaqstandyq-elu-zhyldai-otasqan-aielin-aiaq-kiimning-bauymen-qylgyndyryp-oltirgen/