jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар әкімі шағымданған тұрғындармен кездесті (видео)

Әкім тұрғындармен кездесті
Әкім тұрғындармен кездесті. Видеодан кадр: instagram.com/khassarkhabylbekov/

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қаладағы шағынаудандардың біріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Олар толғандырған мәселелерін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. қала әкімінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Горторг шағын ауданының тұрғындары әкімге сапасыз жолдарға және "Энтузиаст" бау-бақшасының қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы шағым түсірген.

"Бүгін аталған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіп, кәріз жүйесі салынып жатқанын, оған қосылғаннан кейін шағын ауданның 9 көшесіне асфальт төселетінін түсіндірдім. Қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдарға қиыршық тас төсейміз.

Бау-бақша жұмысы бойынша барлық мәселелерді талқылау үшін кәсіпкерлік бөлімімен, бау-бақша шаруашылығының төрағасымен және тұрғындармен бірлесіп жиналыс өткізу туралы шешім қабылданды", - дейді қала әкімі.

Хасар Хабылбеков тамыз айының соңына дейін кәріз құрылысы мен жолдарды жөндеу бойынша барлық жұмысты аяқтауды тапсырғанын мәлім етті.

Павлодар әкімі шағымданған тұрғындармен кездесті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.