jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Аптап пен құрғақшылық": синоптиктер маусымда күн райы қандай болатынын айтты

Жаз мезгілі
Жаз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанда маусым ыстық болады деп болжанып отыр. "Қазгидромет" мамандарымен өткен брифингте жаздың бірінші айына жасалған күн райы болжамы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, маусымда Қазақстанда күн ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады.

"Жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға сәйкес болады. Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде және Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз түседі", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Мамандар 2024 жылдың жазындағы ауа райы 2006 жылғы жазға ұқсас болатынын айтты.

"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25°С және 30-38°С аралығында, оңтүстік пен оңтүстік-батыста 25-30°С пен 35-39°С аралығында болады", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Құрғақшылық мына өңірлерде байқалады:

  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары;
  • Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақиян аудандары;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы;
  • Қарағанды ​​облысының Шет ауданы.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успен ауданында және Павлодар қаласында қалыпты ылғалдылық күтіледі.

"Аптап пен құрғақшылық": синоптиктер маусымда күн райы қандай болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.