jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада мопед мінген жасөспірім автобустың астына түсіп кете жаздады (видео)

    Астанада мопедтің қатысуымен болған ЖКО
    Астанада мопед автобусқа соғыла жаздады. Видеодан скриншот : instagram/astana_brothers

    Желіде көлік қозғалысы кезінде жолағын ауыстырып жатқан мопедист автобустың астына түсіп кете жаздаған видео тарап жатыр. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео astana_brothers Instagram желісінде жарияланды. Кадрда мопедист жүріп бара жатқан көліктер легінде жолағын ауыстырып, алдындағы көлікті басып озуға бел буады, сөйтіп, көрші жолақпен келе жатқан автобустың астына түсіп кете жаздайды.

    Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінен KAZ.NUR.KZ тілшісіне мопед жүргізушісімен жол-көлік оқиғасының бүгін болғанын хабарлады.

    "Жансүгіров көшесінің қиылысында мопед тізгіндеген 16 жастағы жүргізуші Абылай хан даңғылымен келе жатып, рөлді басқара алмай қалып, көліктер ағынында тұрған "ZEEKR"көлігіне соғыла жаздап, сырып кетті", - делінген ведомство хабарламасында.

    Қазір бұл факт тексерілуде.

    Астанада мопед мінген жасөспірім автобустың астына түсіп кете жаздады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.