Ақсу ферроқорытпа зауытында екі кран машинисін термиялық күйік шалды
Жарияланған күні:

Бүгін, 24 мамырда Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ зауыттың Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"2024 жылдың 24 мамырында Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген компанияның хабарламасында.
Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, мән-жайы анықталып жатыр.
Компания қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106756-aqsu-ferroqorytpa-zauytynda-eki-kran-mashinisin-termiialyq-kuiik-shaldy/