Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты заңсыз көшіріп алғандарға қатысты сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығынана ақпаратты заңсыз көшіріп алған екі батысқазақстандық 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылы сәуірінде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру туралы үкім шықты

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

"Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған

Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106789-ulttyq-testileu-ortalygynan-aqparatty-zangsyz-koshirip-algandarga-qatysty-sot-ukimi-shyqty/