Маңғыстау облысында түлектер арасындағы жаппай төбелес: ата-аналар кешірім сұрады (видео)
Жарияланған күні:
25 мамырда Маңғыстау облысының Боранқұл ауылында бірнеше ондаған түлектер жаппай төбелес ұйымдастырды. Ғаламторда олардың ата-анасының кешірім сұрағаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Lada.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда соңғы қоңырауда Боранқұл ауылындағы түлектер жаппай төбелескен болатын. Полицейлер төбелеске қатысқан кәмелетке толмаған 47 баланы ұстап, бөлімшеге әкелді.
Бүгін желіде мектеп оқушылардың ата-анасы кешірім сұраған бірнеше видео пайда болды.
Видеоүндеуде олар кәмелетке толмағандар балаларының әрекеті үшін кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді. Ата-аналар бұл жағдайға мектеп басшылығының еш кінәсі жоқ екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107032-manggystau-oblysynda-tulekter-arasyndagy-zhappai-tobeles-ata-analar-keshirim-surady-video/