Жаңаөзенде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мұғаліміне үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)
Жарияланған күні:

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мұғаліміне баспана сыйлады. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы өкілдері Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Жаңаөзендегі №10 жалпы білім беретін мектептің 2004 жылғы түлектері мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірге физика пәні мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға 3 бөлмелі пәтер сыйлаған.
Түлектер пәтер кілтін 25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиынында табыстады. Күтпеген жерден үйлі болған Гүлнар Қарақойшиева қуаныштан көзіне жас алып, оқушыларына ризашылығын білдірген.

Қайырымдылық қорының демеушілері де жаңа үйге өз сыйлықтарын тарту етті.
Айта кетейік, Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам уақыт мектепте жұмыс істеп келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107332-zhangaozen-qalasynda-mektep-bitirgenine-20-zhyl-bolgan-tulekter-mugalimderine-baspana-syilady/