jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті

"Open air" іс-шарасы
Фото: Ақтобе қаласының әкімдігі

25 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Open air" атты 2 күндік туризм бағытындағы іс-шара қорытындыланды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың тарихи-мәдени орындарды көрсету арқылы олардың бойындағы отансүйгіштік сезімдерін ояту, тарихын білуге үйрету, шығармашылық қабілеттер мен жеке оң қасиеттер, тұлғалық, зерттеушілік дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараның екінші күнінде жастарға арналған тимбилдинг өтті.

"Open air" іс-шарасы
Фото: Ақтобе қаласының әкімдігі

"Кампит" демалыс базасында өткен тимбилдингте қала жастарына қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова және қалалық юбеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Ботакоз Жалекешова бос уақыттарын тиімді пайдаланып, білімді жас болуға үндеп, іскерлік байланыс пен тәлімгерліктің қыр-сырын үйретіп, құқықбұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Open air" іс-шарасы
Фото: Ақтобе қаласының әкімдігі

Тимбилдинг жастарға арналған мастер-класстармен жалғасын тапты.

Жастар табиғи сазбен жұмыс істеу, керамика дөңгелегінде бұйымдар жасауды және қазіргі заманда жоғарғы табыс табудың жаңа тетігі мобилография саласында меңгерді.

"Open air" іс-шарасы
Фото: Ақтобе қаласының әкімдігі

Тимбилдингтің екінші бөлімінде қала жастары топтарға бөлініп, квест ойынын ойнады. 5 кезеңнен тұрған ойында жастар ерекше әсер алып, бір-бірімен етене танысып, уақыттарын қызықты өткізді.

"Open air" іс-шарасы
Фото: Ақтобе қаласының әкімдігі

Шара соңында орталық басшысы Самғат Артығалин қала жастарына жылы лебізін білдіріп, орталық тарапынан естелік сыйлықтар үлестірді.

Ақтөбеде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.