jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілінді

    ХҚКО "Азаматтарға арналған үкімет"
    Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы қаласының арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор хабарлады.

    Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    "Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктелуде", - делінген хабарда.

    Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Алматы арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.