jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы әуежайының қызметкерлері ондаған телефон ұрлады деген күдікке ілінді

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: instagram/koliktegi_pd/

Көлік полицейлері Алматы әуежайындағы 50-ден астам ұялы телефон ұрлау ісін тергеп жатыр. Әуежайдың үш қызметкері күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, биыл 24 мамырда ведомство қызметкерлері Алматы қаласының әуежайында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әуежайдың үш қызметкерінен құрылған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

"Күдіктілер еліміздің өзге өңірлеріне сатылуы керек болған пошта жөнелтілімінің тауарларын, атап айтқанда ұялы телефондарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын айтты.

Алматы әуежайының қызметкерлері ондаған телефон ұрлады деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.