Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда ауруханада түсірілген видеодан кейін дәрігер жұмыстан босатылды

Опубликовано:

Дәрігер
Дәрігер. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургының ауруханада мас күйде науқастарды қабылдап жатқан сәті түсірілген видео жөнінде түсінік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында түсірілген видео тарады.

Жазбадағы ақпарат бойынша, видео кеше түнде сағат 22:00-22:30 шамасында түсірілген.

"Мен ашуланып, ұлыма басқа хирург сұрамайынша, қызметкерлер мен ата-аналар үнсіз осы маманның аузына қарап отырды", - дейді видеоны түсіріп алған әйел.

Сондай-ақ ол дәрігер оның "Массыз ба?" деген сұрағына жауап бермегенін айтты.

Айта кету керек, кейбір оқырмандар хирургты жақтап пікір білдірген.

"Ол инсульт алған. Соған байланысты тілі мен жүріс-тұрысында бұзылыс бар", "Жай ғана шаршаған"; "Мүмкін ол күні бойы жұмыс істеп, ұйықтап қалып, оны кенет оятқан болар", - деп жазды қолданушылар.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа түсінік берді.

"Талдықорған қаласының көпсалалы облыстық балалар ауруханасы бұл оқиға 30 мамырда кешкі уақытта болғанын хабарлайды, қызметкердің мас күйде болғаны анықталып, ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес бірден жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110413-taldyqorganda-auruhanada-tusirilgen-videodan-keiin-dariger-zhumystan-bosatyldy/