jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Су бөгетіне келетіндер қатары азаяр емес": Астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады

Астанадағы бөгет
Астанадағы бөгет. Видеодан кадр: Instagram желісінен

Астана әкімдігі ескертуге қарамастан, елорда шетіндегі бөгетке баратын қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Билік өкілдерінің сөзінше, әдемі кадр үшін басын қауіпке тігіп, су реттейтін нысанға келетіндер қатары азаяр емес, деп хабарлайды КТК.

Қала шетінде орналасқан су реттеуіш нысанды халық осы көктемде қыдырып баратын көрікті жердің біріне айналдырған. Әкімдіктің хабарлауынша, кіруге тыйым салынғанына қарамастан, бүгінде бөгет аумағында серуендеп, селфи түсірушілер көбейген. Кейбір тұрғындар қауіпті жерге балаларын да ертіп апарады.

Әкімдік құрылысы аяқталмаған нысанды темірмен қоршап қойғанымен, әлдекімдер оны бұзып, емін-еркін кіріп-шығып жүр.

"Алдағы екі жылдың ішінде бұл жер туристік орынға айналуы мүмкін. Дегенмен қазір адамдардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қала тұрғындарына бұл нысанды барып аралауға рұқсат етілмейді және ол жаққа бармауға шақырамыз", - деді Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ерлан Мырзахан.

Дереккөз: КТК.

"Су бөгетіне келетіндер қатары азаяр емес": Астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.