Павлодарда тауда қалған 25 жастағы жігіт құтқарылды
Жарияланған күні:
Павлодар облысында тауда қалған турист құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқиға Баянауыл ауданында болған.
"Баянауыл ауданында жедел-құтқару жасағының күшімен биіктігі 600 метрге жуық таудан 1999 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмады", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жігітке медициналық көмек кажет болмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119089-pavlodarda-tauda-qalgan-25-zhastagy-zhigit-qutqaryldy/