Төтенше жағдайлар министрі құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж екенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқарушылардың 90 пайызы тұрғын үйге мұқтаж екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Төтенше жағдай министрі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй төлемі беріледі деп мәлімдеді.
"Қазіргі таңда біз министрліктің атынан барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Барлық қажетті келісім бар. Бірақ заңды тұрғыдан бұл мәселені шешкен жоқпыз. 1 қыркүйектен бастап заңға өзгерістер енгіземіз. Бізде ең басты мәселе – тұрғын үй төлемдерін алу. Жоспар бойынша келер жылы 1 қаңтардан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз", - деді ол.
Бұл ретте ол ТЖМ қызметкерлерінің 90 пайызы тұрғы үйге мұқтаж екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119410-totenshe-zhagdailar-ministri-qutqarushylardyng-90-paiyzy-baspanaga-muqtazh-ekenin-aitty/