Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолыңызда құтқарушының жылдық жалақысы": журналистер төтенше жағдайлар министрінен сағатының бағасын сұрады

Жарияланған күні:

Шыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов. Фото: akorda.kz

Министрлер кабинетінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі басшысына қолындағы сағаттың құны туралы сұрақ қойылды – сұрақ Қазақстанда құтқарушылардың алатын жалақысы туралы әңгіме барысында қойылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шыңғыс Әрінов бүгін Қазақстандағы су тасқыны кезінде құтқарушылар қанша жалақы алғанын айтты.

Министрге төтенше жағдай қызметкерлеріне осы ауыр жұмыс кезінде неге сырт келбетінің әдемі болуы талап етілгені жөнінде сұрақ қойылды.

"Менің ойымша, егер мұндай шағым жасалған болса... Құтқарушы, әсіресе, погон таққандар ұқыпты киініп жүруі керек деген талап бар екенін жасырмаймын. Сыртқы келбеті ұқыпты болуы – негізінен талап осындай болған: қырыну, тарану, формасын таза ұстау. Мұндай талап болды, өйткені біз басшылық және жергілікті басшылық ретінде гигиена мен жер-жердегі қызметін қалыпты атқаруға қажет жағдайларды ұйымдастырдық", - деп жауап берді Әрінов.

Сағат
Сағат. Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министріне: "Құтқарушылар форманы өз қаржысына сатып алуға мәжбүр, ал министрлік басшысы "жылдық жалақыны" қолсағат ретінде тағып жүр деген пікір шындыққа жанаса ма?" деген сұрақ қойылды.

"Өз ақшаңа форма сатып алу жөніндегі талапқа келсек, мұндай талап жоқ. Қызметкерлерімізді толықтай қамтамасыз етіп отырмыз. Әттеген-айы, соншалық сапалы болмаса да, қамтамасыз етіп отырмыз. Ал екі миллион тұратын сағатқа келер болсақ, бұл да асыра айтушылық (...) Екі миллион тұрмайтыны анық. Қанша тұратынын мүлде білмеймін, бұл маған сыйға тартылған қалыпты сағат", - деп жауап берді Әрінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119428-qolyngyzda-qutqarushynyng-zhyldyq-zhalaqysy-zhurnalister-totenshe-zhagdailar-ministrinen-sagatynyng-bagasyn-surady/