ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтар қашықтан жұмыс істеуі мүмкін
Жарияланған күні:

Астанада 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Соған байланысты кей астаналықтар қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
"Астанада 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмауы үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады", - делінген хабарламада.
Ведомстводағыдар 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
"Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119719-shyu-sammitine-bailanysty-astanalyqtar-qashyqtan-zhumys-isteui-mumkin/