Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отставкаға кеткен судьяны қайта тағайындау заңды ма: Жоғарғы сот өкілі жауап берді

Опубликовано:

Назгүл Рахметулина фото
Назгүл Рахметулина фото: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметулина отставкаға кеткен судьяны қайта тағайындау заңды ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мәжіліс депутаттары отырыста президент қызметінен босатқан судьяны жоғары сот неге қайта тағайындайды деп сынға алды. Жоғарғы сот алқасы төрағасының сөзінше, бұл – кадр жетіспеушілігінен амалсыз барып отырған қадам.

"Отставкаға кеткен судьяны қайта тағайындау практикасы қолданыста бар. 300-ден астам вакансия бар. Сондықтан доғарыста болған судьялар алты айдан кейін қайтадан судья болып тағайындалады. Ауыл, аудан орталығына судья болып жұмыс істеуге барамын дейтіндердің қарасы аз. Мысалы ШҚО Тарбағатай ауданында үш жылдан астам уақыт бойы судьяның орны бос. Жастар аудандық сотқа жұмыс істеуге барады да шамалы уақыттан кейін кетіп қалады. Қалада тұрғысы келеді. Компаниялардағыға қарағанда айлық аздау", - деді ол.

Ол сондай-ақ судьяларды іріктеу талабы қатты ма деген сұраққа жауап берді.

"Судьяларға қойылатын талапты жеңілдете немесе кейбір талаптарды алып тастай алмаймыз",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120118-otstavkaga-ketken-sudiany-qaita-tagaiyndau-zangdy-ma-zhogargy-sot-okili-zhauap-berdi/