jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бөлме ақшаға толы: Антикорда Ақтөбе облысында шенеунік ірі көлемде пара алғаны көрсетілді (видео)

Тәркіленген ақша
Тәркіленген ақша. Видеодан кадр: Антикор

Бүгінгі өткен брифингінде Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысының ондаған млн теңге сомасында пара алғаны түсірілген кадрларды көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Видеода көрсетілгендей, "Антикор" қызметкерлері пара деп есептелген бірнеше миллион теңгені қолмен санауға мәжбүр болған. Кадрларда ақшаны алдымен үстелге жайғастырып, кейін жерге де қойғаны көрсетілген. Бөлменің іші ақшаға толған.

Антикор хабары бойынша, видео Ақтөбе облысында Шалқар аудандық білім басқармасының басшысына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іске қатысты.

"Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.", - деді "Антикор" өкілі Данияр Биғайдаров.

Бөлме ақшаға толы: Антикорда Ақтөбе облысында шенеунік ірі көлемде пара алғаны көрсетілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.