Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны перзентханада жарылғыш зат қойылды деп хабарлағаны үшін сотталды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Фото: pixabay.com

Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғын сотталды. Қалалық төтенше жағдайлар қызметіне әйел мас күйде телефон соғып, қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Комиссия тексерісінен хабарлама жалған екені анықталған.

Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, күдікті анықталып, "ізін суытпай" ұсталған.

"Медеу аудандық сотының үкімімен Н. есімді азаматша Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - деп хабарлайды ІІМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120439-almaty-turgyny-perzenthanada-zharylgysh-zat-qoiyldy-dep-habarlagany-ushin-sottaldy/