Түркістанда облысында білім саласындағы 41 қызметкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының прокуратурасы Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды.
"2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды", - делінген хабарда.
Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122107-turkistanda-oblysynda-bilim-salasyndagy-41-qyzmetker-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/