Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін бе: министр жауап берді

Опубликовано:

Смарт сағат
Смарт сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты желіде жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастау керек деген ұсыныс айтылып жатыр. Үкімет отырысынан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға бұл сұраққа жуап берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға "Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты әлеуметтік желіде жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз, Еңбек министрлігінің жоспары қандай?" деген сұрақ қойылды.

Министр бұл күрделі сұрақ емес екенін, ұсыныстар бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

"Бізге көп хат келіп жатыр, оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес", - деді деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.

"Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Айта кетейік, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Еске сала кетейік, биыл 10 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123589-elimizde-zhumys-bir-sagatqa-erte-bastaluy-mumkin-be-ministr-zhauap-berdi/