Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше миллион теңге ақша бар деп үміттенген": Ақмола облысында сейфті көтеріп алып кеткендер ұсталды

Опубликовано:

Ақмола облысында сейфті көтеріп кеткендер
Ақмола облысында сейфті көтеріп кеткендер. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен.

Олар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген көрінеді. Алайда кәсіпкердің айтуынша, бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілген Сол себепті сейфте тек 500 мың теңгедей ақша жатқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Қазір олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал компания басшысы күдіктілерді ұстағаны үшін полицейлерге алғыс білдірді.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123592-birneshe-million-tengge-aqsha-bar-dep-umittengen-aqmola-oblysynda-seifti-koterip-alyp-ketkender-ustaldy/